Меркі Ауданы Бойынша / Жармухамбетов Әзім

Жармухамбетов Әзім

Жармухамбетов Әзім 01.01.1924 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданы Қызыл Ту ауылында туылған. Қызыл ту ауылындағы мектебін /1940ж/ 4-сынып бітіріп, Кр.Октябрь ауылындағы мектебін оқып бітірді /1942/ж, Жамбыл қаласына бухгалтер оқуына түскен кезінде, 1942 жылы 12 қазанында әскерге алып кеткен.
Әскерге Москва қаласына алып келіп Калининград қаласына бөлді /8-дивизия, 116 арт.полк, 75 пушкасына командир отделения болды. Украинада Варшаглевский қаласына түсті, кейін гор.Большевский, Варшаваға, Литваға, кейін Германияға барып қайтты. 9-май 1945 жылы Берлин қаласында болды. 

14-май 1945 жылы Москва қаласына алып келіп Московский обл. Ивановский районында әскерде болды. 1947 жылы амнистия болып үйге қайтты.
1947 жылы 07.12 үйге оралып, Қызыл Ту колхозында счетовод-кассир болып жұмыс атқарды. 1960 жылы Қызыл Ту колхозымен Кр.Октябрь колхозы қосылды. 1960 жылы Кр.Октябрь с/советіне счетовод кассир болып ауыстырылды.
1960-1970ж. мамыр айына дейін с/советте жұмыс істеді. Сәуір айы 1970 жылы Кр.Октябрь совхозына кассир болып, 1980 жылы зейнет демалысына шықты.
Наградалар-Орден Красной Звезды, Орден ОВ-1-2-степени, Медаль за отвагу, Медаль Жукова, Медаль визволения Украины, 20 лет Победы в войне 1941-1945 г, Медаль Гвардия, 70 лет Вооруженных сил, Ветеран войны, Юбилейные медали, 25 лет Победы в войне 1941-1945 г, Қазір сегіз ұл, үш қыз тәрбиелеп, өсіріп, барлығы семья құрып, оқу бітірген. 28-немересі, 13-шөбересі бар.