Ерлік

мемориалдық кешенi

Совет одағының батырлары / Естемесов Саттар 

Естемесов Саттар

1919 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Көкқайнар ауылында (бұрынғы Жданов колхозы) шаруа отбасында дүниеге келген.

  1942 жылы 26 маусымында Қызыл Әскер қатарына шақырылады. Смоленск облысын азат ету шайқастарына қатысқан. Саптар ондаған рет соғысқа қатысып, өзінің пулеметімен жау әскерін жайратып, өзін мерген пулеметші ретінде танытты. 1943-жылдың тамыз айында Вердинск дивизиясының 134-ші атқыштар бөлімі қарсыластарының шебін бұзып, Смоленск облысының Пречистенск ауданында 261,1 биіктігін жаулап алу соғысын жүргізіп жатты. Осы биіктікте шеберлікпен жасырынған жау пулеметі біздің бөлімшелердің жылжуына кедергі келтіріп тұрды. Біздікілер көп шығынға ұшырады. Взвод командирі қатардан шықты. Бөлім командирі Естемісов басқаруды өз қолына алып, жаудың пулеметшілер тобымен жекпе-жекке шығуға шешім қабылдады. 1943 жылы соғыста ерлікпен қаза тапқан.

  КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысымен 1944 жылдың 4 маусымында Естемесов Саттарға Совет Одағының Батыры атағы берілді.