Тараз Қаласы Бойынша / Владимир Васильевич Колесниченко

Владимир Васильевич Колесниченко

Владимир Васильевич Колесниченко 19.10.1922 жылы Украина жерінде дүниеге келген, 17 жасында Тюмень қаласына оқу-жаттығу полкіне алынған. Соғысқа 1944 жылы маусымда аттанып, Эстония, Латвия, Беларусияны азат етуге қатысқан. Соғыстан кейін, 1947 жылы 7 қарашада жұбайы Галина Петровна Колесниченкоға үйленеді. 1963 жылы отбасылық жағдайына байланысты Қазақстанға көшіп келіп, Жамбыл қаласына қоныстанған. Сол жылдан бастап зейнет жасына дейін нан комбинатында механик болып жұмыс атқарған. Жолдасы Г. Колесниченкомен отбасы құрғандарына 72 жыл болған, 3 ұл , 2 қызынан 12 немере, 14 шөбересі бар. 

Майдандағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Белоруссияны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» және т. б. медальдар мен ордендермен марапатталған.