8 (7262) 45 32 50
Совет одағының батырлары / Белашов Николай Никонорович
1900 жылдың 15 шілдесінде Украин ССР-і, Харьков облысы, Купянск ауданы, Ново-Никольский селосында шаруа отбасында дүниеге келген. Бастауыш мектепті бітірген. Азаматтық соғысқа қатысқан.
1928 жылы Жуалы ауданы, Казанка (қазіргі Кәріқараған) ауылдық сельсоветтің төрағасы болып қызмет атқарған.
1941 жылдың 17 қыркүйегінде соғысқа шақырылып, Орталық майданы, 61 армиясы, 7-ші гвардиялық кавалериялық корпусы, 112-шгі Башқұр кавалериялық дивизиясының орудия командирі, гвардия аға сержанты болған.
КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысымен 1944 жылдың 9 ақпанында гвардия аға сержанты Вишневецкий Владимир Михайловичке Совет Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және Алтын Жұлдыз (№3264) медалі берілді.