Ерлік

мемориалдық кешенi

Совет одағының батырлары / Тюлькин Яков Николаевич 

Тюлькин Яков Николаевич

1896 жылдың 22 қазанында Ресей Федерациясы, Марий-Эл облысы, Мари-Турек ауданы, Русская Купта селосында шаруа отбасында дүниеге келген. Азамат соғысына қатысқан.
Ұлы Отан Соғысынан бұрын Жамбыл қаласындағы облыстық ауылшаруашылық жабдықтау қоймасын басқарады. Неміс басқыншылары біздің елге басып кіргенде 45 жастағы азамат соғысының ардагері Яков Николаевич әскери комиссариаттан өзін соғысқа жіберуді сұранған. Воронеж майданының 38 армиясы, 136 атқыштар дивизиясы, 269 атқыштар полкінің есепті пулеметшілеріне басшылық жасады.
Украин жерін фашист басқыншыларынан азат ету үшін дивизия қиян-кескі соғыстар жүргізіп жатты. Яков Николаевич бір шайқастың өзінде-ақ пулеметінен жиырмаға жуық неміс солдат, офицерлерін жойды.
Соғыста көрсеткен батырлығы мен тапқырлығы үшін қызыл әскерші Яков Николаевич Тюлькинге сержант атағы беріледі
КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысымен 1944 жылдың 10 қаңтарында сержант Тюлькин Яков Николаевичке Совет Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және Алтын Жұлдыз медалі берілді.