Ерлік

мемориалдық кешенi

Совет одағының батырлары / Трубицин Иван Иосифович 

Трубицин Иван Иосифович

1908 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақ ССР-і. Ақмола губерниясы, Көкшетау уезінің Райсовка селосында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 
Меркі әскери бөлімінің шақыруымен 1930 жылы  Қызыл Армия қатарына алынған. 1933 жылы Ф.Энгельс атындағы , 1943 жылы Ленинград облысында ұшқыштар мектептерін бітірген. Ленинград, Балтық теңіз жағалауындағы шайқастарына қатысқан.
Ол шайқастарда жеке өзі жаудың 39 танкісін, ал Балтық теңізінде жүк тасымалдау кемесін, майдан жолдарында 55 жүк тиеген автокөліктер мен әскерлерін, жаудың 5 оқ-дәрі қоймасын, 3 жанармай цистернасын, 5 зеңбірегін, 2 миномет батареясын, теміржол станциялары мен көпірлерін жойып жіберді. Сонымен бірге көк аспанда жау ұшқыштарымен болған шайқаста 6 самолетін, жерде 3 ұшағын қиратты.Ол 15 рет әуе шайқастарына қатысып, жеңімпаз болған. Ал ол басқарған әскери құрам бомбалауда жаудың 87 танкісін, 375жүк тиеген автомашинасы мен әскерін, 13 артиллирия нүктесін, 16 теміржол эшолонын, 8 жанар-жағармай қоймасын, 2 оқ-дәрі қоймасын, 23 жау кемесін, 13 станокты пулеметті, 5 миномет батареясын, 3 артиллериялық батареяны, тағы да басқа көптеген жау күштерін жойды. 1943 жылы соғыста ерлікпен қаза тапқан