Тараз Қаласы Бойынша / Тілеуқабыл Төребеков
Тілеуқабыл Төребеков
Навигация
Жамбыл облысының Айша бибі ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, партия мектебін бітірген. 1941 -1943 жылдары Айша бибі ауылында («Ақкөл» колхозы) сиыр фермасында есепші қызметін атқарған. 1943 – 1950 жылдары Кеңес әскері қатарында болып, оның 5 жылында Жапон соғысына қатысқан. 1950 -1954 жылдар арасында Жамбыл аудандық партия комитетінде үгіт – насихат бөлімінде нұсқаушысы, ауданның бірінші хатшысының көмекшісі болып жұмыс атқарған. 1955 -1959 жылдары Алматы жоғары партия мектебінде оқыған. 1959 -1987 жылдың қазан айына дейін партия мектебінде,
Жамбыл қаласындағы № 5 орта мектеп директоры, партия қатарында нұсқаушы болып жоғары лауазымдарды атқарды. Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымының пленумына, Облыстық әкімшілікте коллегияға, облыстық тәртіптік кеңестің мүшесі болды. «Отан соғысы» орденімен және 17 мерейлік медальдармен марапатталған. Бүгінде майдангер облысымыздың қазыналы қартына айналды