Тараз Қаласы Бойынша / Тилебек Раимжанов
Тилебек Раимжанов
Навигация
Тилебек Раимжанов 8.03.1925 жылы Джелялан ауылында дүниеге келген. 1943 жылы әскери бөлім Ташкент облысы Черчек қаласына танк жүргізуші курсын оқуға жібереді. Курс аяқталған соң соғысқа аттанады. Беларус майданына қатысқан. Карловы Вары қаласында аяғынан жараланып, 1945 жылы 28-қыркүйекте елге оралды. Соғыстан оралған соң педагогикалық институтқа түсіп, 1947 жылы сырттай бөлімді аяқтайды. 1955 жылға дейін мектепте ұстаздық қызмет атқарды. Кейін Фрунзе қаласына көшіп кетіп, ол жақта ет комбинатында 1963 жылға дейін жұмыс жасады. 1964 жылы Джеляганға көшіп келіп, колхозда жұмыс жасап, Скрябин атындағы институтта сырттай зоотехник
мамандығын оқыды. Зейнетке шыққанға дейін колхозда жұмыс жасады. Қазіргі таңда баласымен Қырғызстанда тұрады. «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Данқ» орденімен марапатталған.