Ерлік

мемориалдық кешенi

Совет одағының батырлары / Суханбаев Ақәділ 

Суханбаев Ақәділ

1920 жылдың 15 қыркүйегінде Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Қарасу ауылы, (қазіргі Байзақ ауданы, Суханбаев атындағы ауылы) дүниеге келген. 1939-1941 жылдары Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қарасу колхозында тракторшы болған. 1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған.
1944 жылы 31 шілде күні Польшаның Стельцовизна деревнясы үшін болған шайқаста 628-шы Қызыл тулы Гродно полкінің 1-ші атқыштар батальонының 2-ші ротасының бөлімше командирі, қатардағы жауынгер Ақәділ Суханбаев екі қолынан бірдей жараланғанына қарамастан, оқ төгіп жатқан жау пулеметіне ұрыс тағдыры шешілер сәтте жеңісті жақындату үшін кеудесін оққа қарсы тосып, ерлік көрсетті. КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысымен 1945 жылдың 24 наурызында Суханбаев Ақәділге Совет Одағының Батыры атағы, Ленин ордені қайтыс болған соң берілді.