Естеліктер / Сауытбек Рысбаев
Сауытбек Рысбаев
Ұлы Отан соғысының ардагері Сауытбек Рысбаевтың естелігі:
– 1938 жылы көшіп орталыққа бардық. Біз Тегістік болып Сәмбет тоғанында қалдық. Қой көбейді. Жақсы жыл болды. Өкіртіп көкпар тартатынбыз. Сөйтіп 1941 жылы 7 классты бітірдім. Күндіз мектептің іші қараңғы батып кетті. Бәріміз сыртқа жүгіріп шықтық. Түтін болды. Күн тұтылды деді әке-шешем. Бір айдан кейін соғыс басталды. Япырай. Мен 8 класстамын. 16 жасқа толғаным. Бір апта ғана оқыдым. Сентьябрдің 10 армияға алып, жаяу әскер, атты әскер қатарына алындым. Күз айы еді. Қараша айында Дальный Востокқа алып кетті. Үлкендермен кішкентайларды араластырды. Солдаттың жаттығуын өткізді. Сол кезде немістер келіп қалған. Бізді эшелонға мінгізіп Москваға аттандырды. Липецкке жетейін деген кезде таңға жақын немістер поездің тас талқанын шығарды. Самолет бомба тастады. Орманға жүгірдік. Қар тізеге дейін. Палатка қойып, таңды атқыздық. Тамақ жоқ. Қарды ерітіп талқан тастап іштік. Мылтықтан басқа ештеңе жоқ. Ертеңіне қосымша адамдар келді. Курскіде 5 ай тұрдық. Атакаға шықтық. Адамдар қойлар құсап қырылып жатыр. Қан судай ақты. 1945 жылы көктемде контузия алдым. Москваның астында пионерский лагерьде жаттым. Сонан соң Владивостокка алып келді. Ворошиловта орман ішінде болдық. 200 км қалың орманның ішінде окопта 9-Майды қарсы алдық.
Қуандық. Бірақ тағы соғыс Японияда басталып кетті. Сталиннің телеграммасын оқу керек. Япония Кореяның жерін 20-30 жыл бұрын алып қойған. Таудың астын тесіп үстіне ағаш өсіп тұр. Іші толған оружие, нан. Границадан өте алмадық. Қалың орман, тас жол салып, Пхеньян, Сеулға дейін жаяу бардық. Американецтер ақ жалаумен. Мир на земле. Боевиктермен соғыстым. Міне 60 жылдан кейін Киевтен 2 медаль, бір телеграмма келді.
Қ.341 Т.1 Б.1 Іс.197 П.1