Тараз Қаласы Бойынша / Роза Ивановна Карякина
Роза Ивановна Карякина
Навигация
Роза Ивановна Карякина 1928 жылдың 24 қарашасында Ресейдің Тамбов облысында туған. Соғысқа дейін Воронеждегі мектепте әріп таныған. 1942 жылы госпитальда медбике болып істеп, соғыста жараланған жауынгерлерге медициналық көмек көрсете жүріп, медбикелер курсында оқиды. 1943 жылы әскери госпитальмен бірге Саратов облысының Петров қаласына көшіріледі. 1944 жылы 275 ұшу бөлімінің құрамында Днепропетровск, Одесса, Бухарест қалалары үшін болған соғысқа қатысады. 1945 жылдың 15- қазанында соғыстан қайтады. Соғыс аяқталған соң біраз уақыт медбике болып жұмыс істеп, кейінірек есепшілердің курсынан өтіп, Қордай ауданының
Георгиевка ауылында және Жаңатас қаласының рудобасқармасында есепші болып жұмыс жасаған. 1948 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері Григорий Карякинге тұрмысқа шығып, 30 жыл бір шаңырақтың астында ғұмыр кешіп, 3 ұл мен қыз өсіріп тәрбиелейді. Немере-шөберелері бар. Майдандағы ерлігі үшін «Германияны жеңгені үшін» және басқа да мерекелік медальдарымен марапатталған.