Тараз Қаласы Бойынша / Мүтәліп Ережепбаев
Мүтәліп Ережепбаев
Навигация
Мүтәліп Ережепбаев, 19.12.1926 жылы Талас ауданы, Қараой ауылында дүниеге келген. Әкесі Ережепбай «Халық жауы» атанып, 8 жылға сотталып, артынша атылған. Анасы Бекпатша екеуі бұл қасіретке де шыдады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғаннан бастап, майдан даласына аттануға өз еркімен бірнеше рет өтініш жазған. Алайда тек 1944 жылы мамыр айында 18 жасында соғысқа аттанған. “664-ші мотоатқыштар полкі құрамында 3-ші Белорус майданына әскерге шақыртылған. Аз ғана дайындықтан кейін, Прибалтика майданында Кенисберг қаласы маңындағы шайқасқа қатысты. Сұрапыл шайқастың сол жақ өкшесінен жарақат алды.
Сол жарақатымен майдангер Берлинге жетті. Соғыс аяқталса да әскери борышын 1950 жылға дейін өтеді. Елге майор атағымен аман-есен оралды. Бейбіт күнде Талас аудандық атқару комитетінде әуелі нұсқаушы, артынша кадр және бөлім меңгерушісі болды. Кеңшарда партия ұйымының жетекшісі ретінде де абыройлы еңбек етті. Аталған қызметтерін айтпағанда аудандық «Талас тынысы» газетімен тығыз байланыста жұмыс жүргізді. Әуелі жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Кейіннен төрт жылға жуық бас редактор ретінде тізгін ұстады. Қаруын қаламға айырбастаған Мүтәліп Ережепбаев өмірі мен еңбек жолы туралы бірнеше кітаптар да жазды. Соғыстағы ерлігі үшін «Берлинді алғаны үшін» және өзге де мадальдармен марапатталған.