Шу ауданы бойынша / Мусаев Ибрагим Таирович
Мусаев Ибрагим Таирович
Навигация
Мусаев Ибрагим Таирович – 1925 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ұйғыр. Соғысқа дейін мектепте оқыды. Соғыстан кейін Ұйғыр ауданында мектепте сызу сабағынан мұғалім болып жұмыс жасайды. 1957 жылы Шу ауданы Шоқпар бекетіне көшіп келеді. Онда да мектепте мұғалім болады.
1957 жылы Шу ауданы Шоқпар бекетіне көшіп келеді. Онда да мектепте мұғалім болады. 1967 жылы Новотроицкое селосына көшіп келеді. Содан мектепте 1985 жылға дейін жұмыс істеп зейнетке шығады. 1942 жылы майданға аттанады, 1944 жылға дейін Қиыр Шығыста болып, Батыс майданына жіберіліп,
Кременчуг қаласында жарақаттанып госпитальда жатып шығады. 1944 жылдың сәуір айынан бастап қайта соғысқа аттанады. Содан Берлинге дейін жетіп, елге жеңіспен оралады. 1945 жылы Берлиннен елге қайтады. 3-дәрежелі «Даңқ», «Қызыл Жұлдыз», 2-дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін», әртүрлі мерекелік медальдарымен марапатталған. «Еңбек ардагері» медалі, «Білім берудің үздігі» белгі бар. Жанұясында 3 ұл, 8 немересі, 3 шөбересі бар. Төле би ауылында тұрады. Шу ауданы, Төле би ауылы, Жақсыбай көшесі №77