Тараз Қаласы Бойынша / Махмуд Бесимбаев
Махмуд Бесимбаев
Навигация
Махмуд Бесимбаев – 1924 жылы 22 ақпанда Жамбыл облысы Талас районы, Бостандық ауылында дүниеге келген. 1932 жылы 8 жасында Ақбұлақ ауылында балалар үйінде тәрбиеленіп, оқыған. Соғыс басталған кезде 17 жаста болған. Соғысқа өз еркімен аттанады. 1941 жылы Псков қаласындағы «Әуе десанты» бөліміне жіберіледі. 1942-1943 жылдары Ташкентке 6 айлық оқуда кіші сержант атағын алып шығады. Сталинградқа келіп, взвод командирі болып, 40-50 адамға басшылық етеді. Берлинге 70-72 шақырым қалғанда қатты жараланып, Варшава қаласындағы госпитальға жіберіледі. Жеңіс күнін госпитальда қарсы алады.
1953 жылы соғыстан Тараз қаласына оралып, туғантуыстарымен табысады. Соғыс аяқталғаннан кейінгі жылдары Т.Рысқұлбеков паркінде 27 жыл суретші болып жұмыс істеген. І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Маршал Жуков», «Украинаны және Беларусияны босатқаны үшін» «Ленинград және Сталинградты қорғағаны үшін» және т.б. медальдармен марапатталған. 5 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсірген. 18 немере, 6 шөбересі бар.