Ерлік

мемориалдық кешенi

Совет одағының батырлары / Ларионов Семен Архипович 

Ларионов Семен Архипович

  1915 жылдың 1 сәуірінде Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасы, Чермешан ауданы, Чермешан ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1933 жылы механизатор курсын бітіріп, тракторшы болып жұмыс жасаған. 1934 жылы комсомол ұйымының жолдамасымен Қазақстанға келген. Жамбыл облысы, қазіргі Байзақ ауданының (бұрынғы Свердлов ауданы) Новоивановка станциясында тракторист болып жұмыс жасаған. 1938-40 жылдары Қызыл Армия қатарында әскери борышын өтеді.

  1941 жылы Өзбек ССР-і Самарқанд қаласынан Қызыл Армия қатарына қайта шақырылған. 1942 жылдың сәуірінен бастап Ұлы Отан соғысына қатысты. Днепр шайқасына қатысушы.

  КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысымен 1943 жылдың 30 қазанында Ларионов Семен Архиповичке Совет Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және Алтын Жұлдыз (№1650) медалі берілді.