Ерлік

мемориалдық кешенi

Совет одағының батырлары / Кердань Федор Кириллович

Кердань Федор Кириллович

  1925 жылдың 1 қазанында Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Бобровка селосында көпбалалы шаруа отбасында дүниеге келген. Мектепте 6 сыныпты оқып бітіргеннен кейін қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлтоған ауылындағы кірпіш зауытында жұмыс істеген. 1943 жылдың наурыз айында соғысқа шақырылған. 1943 тамызында Белгаград-Харьков, 1943 жылы қыркүйек Сумс-Прилукс операциялары, 1943 жылы қыркүйек-желтоқсан Днепр, 1943-1944 жылдың желтоқсаны Житоморск-Бердичевск, 1944 жылы қаңтар-ақпан Корсунь-Шевченко, 1944 жылы наурыз-сәуір Проскуровск-Черновицк, 1944 жылы шілде-тамыз Львов-Сондомирск, 1944 жылы қыркүйек-қазан Шығыс-Карпат, 1945 жылы қаңтар-ақпан Батыс-Карпат шайқастарына қатысқан.

  КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен 1945 жылдың 29 маусымында кіші сержант Кердань Федор Кирилловичке Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және Алтын Жұлдыз медалі берілді