Қордай ауданы бойынша / Қосақов Керімқұл
Қосақов Керімқұл
Навигация
Қосақов Керімқұл 1925 жылы Аңырақай станциясында туылған.1934 жылы Кіндіктас мектебінде , одан кейін Киров орта мектебінде оқып, 8 сыныптық білім алған.Соғысқа дейін Киров колхозында есепші болып істеді.1942 жыл қараша айында Совет армиясы қатарына алынып, Фрунзедегі жаяу әскер даярлайтын училищеде оқып,1943 жылы тамыз айында курсант формасымен майданға аттанды.1943 жылы тамызынан,1943 жылы 27 қараша айына дейін 2-ші Украина майданында,5 армия,68 – мотамех корпусы бригадада пулеметшы-нысаналаушы болды. Днепр өзенінің босату шайқасында, Кировоград обласында Александрия қаласын азат етуге қатысты.
1943 жылы 27 желтоқсанда ауыр жараланып, Барнауыл қаласында 3500-госпитальда жатты.13 ақпанда 2-топтағы мүгедек болып елге оралды. 1-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен , «Ерлігі үшін» , «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалдарымен марапатталған.Олардан өзге 15 медалі бар. 1944 жылы шілде айынан Киров атындағы колхозда бас есепші болып жұмыс істеді.1950-1990 жылға дейін мектепте мұғалім, директор болып қызмет атқарды. Социалистік жарыстың үздігі белгісін алды, Халық ағарту үздігі. 9 баладан 25 немере,20 шөбересі бар.Кәзір Кенен ауылында тұрады