Қордай ауданы бойынша / Керден Қайын Керденұлы

Керден Қайын Керденұлы

Керден Қайын Керденұлы 1921 жылы 12 қаңтарда Красногор ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келген. Ауылда бастауыш мектепті бітіріп, Красногор орта мектебін 1941 жылы бітіреді.
Әскер қатарына 1941 жылы маусым айының 25-де Красногор ауданынан аттанды. Алғашқы 3 ай дайындығын Козанский қаласында өтіп, соғысқа Смоленский фронтының жаяу әскер артелериясында 13 механика девизиясында 72 полк II Беларус фронтында болды. 1941жылы 3 қарашада контузия алып екі ай Березовский әскери госпитальда емделіп, қайта 72 полкке оралады. 1944 жылдары Вена, Прага азат етуге қатысты.1945-1946 жылдары Чехославакияда соғысты аяқтады.

1946 жылы маусым айында елге оралады.
1946 жылы тамыз айынан 1959 жылға дейін Ақтас орта мектебінде мұғалім, оқу меңгерушісі, директор болып жұмыс істейді. 1951 жылы Киров атындағы университетті бітіреді
1959жылдан Қордайға келіп, Абай орта мектебінің интернат меңгерушісі болып, 1982жылы зейнетке дейін 23жыл жұмыс істейді. Алғаш интернатқа келгенде 37 оқушы бар екен, кейін 150-200 оқушысаны өседі. Ербала мен қыз балаларға жатақхана, асхана тұрғызады. Оқушыларға саналы да, сапалы білім беруге үлесін қосады. Еңбегі бағаланып халық ағарту білімінің үздігі атағы, 2 рет мақтау қағазы беріледі.
Отбасында 2 ұл,4 қызы, 24 немере,30 астам шөбересі бар.
«Ұлы Отан соғысынын» II степень орденімен, « Ерлік үшін» және көптеген медальдарымен марапатталған.