Ерлік

мемориалдық кешенi

Совет одағының батырлары / Иван Васильевич Москаленко

Иван Васильевич Москаленко

Иван Москаленко 1912 жылы Георгиевка ауылында (қазіргі Жамбыл облысы Қордай ауданы) шаруа отбасында дүниеге келген.

Білімі – алты сынып. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылғанға дейін Қырғыз КСР Ыстықкөл облысы Жеті-Оғыз ауданының байланыс бөлімшелерінде есепші болып жұмыс істеген.

1941 жылы 16 қарашада Мәскеу облысы Волоколамск ауданының Дубосеково торабында Иван Москаленко танк жоюшылар тобының құрамында жаудың көптеген шабуылдарын тойтаруға қатысып, жаудың 

18 танкісі жойылды. Бұл шайқас тарихқа 28 батыр-панфиловшылардың ерлігі ретінде енді. Бұл шайқаста Иван Москаленко ерлікпен қаза тапты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 21 шілдедегі «Қызыл Армияның басшы және қатардағы құрамына Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы» Жарлығымен «Жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін неміс басқыншыларына қарсы күрес майданындағы қолбасшылық және бір мезгілде көрсеткен ерлік пен қаһармандық», – деп өлгеннен кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Мәскеу облысы, Волоколам ауданы, Нелидово ауылының жанындағы жаппай бейітке жерленген.