Қордай ауданы бойынша / Ирхин Иван Карпович
Ирхин Иван Карпович
Навигация
Ирхин Иван Карпович 1926 жылы 1 қыркүйекте Воронеж облысында Подгорный ауданында Лыково ауылында шаруа отбасында туылған. 1937 жылы ата анасымен Қырғыстанға көшіп келеді. 1942 жылы мектеп бітіріп, он алты жасынан колхозда жұмыс істейді. 1943 жылы жүргізуші (шофер) курсын оқып, 1944 жылы Совет армиясы қатарына алынады. Майданға он бесінші танк бригадасы 1 Беларус фронтына аттанады. 1944 жылы комсомол қатарына өтеді. Жеңіс күнін И.И.Карпович Данцигте Германияда қарсы алады. Германияда штабта жүргізуші болып 1947 жылға дейін жұмыс істейді.
Әскери борышын 1947 жылы Самарқандта бастап,1950 жылы аяқтайды. 1950-1956 жылдары Қырғыстанда автопаркте жұмыс істейді. 1956 жылы «Қырғыз ССР үздік жүргізуші» атағына иеленеді. 1956-1986 жылдары Қордай ПАТП – де жүргізуші болып істейді. 1959 жылы «Қазақстан ССР үздік жүргізуші» атағына иеленеді. 1952 жылы Людмила Федоровна екеуі отбасы құрып,1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп, 3 немере және 3 шөбере көрді. «Маршал Жуков» медалімен, 2-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен, басқа да мерекелік медалдарымен марапатталған. Қордай ауылының тұрғыны.