Ерлік

мемориалдық кешенi

«Даңқ» орденiнiң толық кавалерлерi / Иргаш Досмухамедов

Иргаш Досмухамедов

1922 жылы Әулие Ата (қазіргі Жамбыл облысы, Тараз қаласы) қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Ұлты- өзбек білімі-орта.
1942 жылдың наурызында соғысқа шақырылған. 1942 жылы Батыс, Калининск, 1-ші прибалтика майдандары, 1944 Латвияны азат ету майдандарына қатынасқан.
1944 жылы 22 маусым және 10 шілде аралығында Беларуссияда ерекше көзге түсті. Витебск облысында Баланович селосына жақын жерде әріптестерінен бұрын жау орналасқан биіктікке жетіп, оларды өз окоптарында жойып жіберді.
18.05.1944 кіші сержент И.Досмухамедовке «Даңқ» орденінің 3-ші дәрежелі (№22114), 03.09.1944 ж 2-ші дәрежелі (№3342),24.03.1945 жылы 1-ші дәрежелі атақтары берілді.