Тараз Қаласы Бойынша / Геннадий Иванович Иванов

Геннадий Иванович Иванов

Геннадий Иванович Иванов 1926 жылы шілде айының 8 жұлдызында Ресейдің Кемеров облысы, Яшкин ауданында дүниеге келген. 1943 жылы 17 жасында Кемеров педучилищесін тәмамдап, осы жылы әскер қатарына шақырылады. Жас сарбаз Краснояр өлкесінің Богомол қаласында әскери дайындықтан өтеді. Қосалқы полктің марштық ротасында дайындықтан өткен оны майданның ұрыс алаңына жібереді. 1944 жылы 1-ші Украина майданында 13-ші армия 350-ші атқыштар дивизиясының 917-ші пушкалы[1]артиллериялық полкімен бірге неміс фашистерімен болған соғысқа қатысады. Соғыста барлаушы, 120 мм минометтің командирі болып, сержант атағын алады. 

Поляктың Сандомирплацдармына дейін соғысқан. Онда немістермен бірнеше айға созылған қанды қырғын болып, соңында қарсылас жақ ойсырай жеңіліп, Кеңес әскерлері Берлинге басып кіреді. Осындай өлшеусіз ерлік көрсеткен әскери полктің құрамында Геннадий Иванов та бар еді. Ол соғыстан 1945 жылы елге оралып, Тараз қаласындағы педагогикалық училищеде және орта мектепте мұғалім қызметін зейнет жасына дейін атқарған. Майдандағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен және басқа да мерекелік медальдармен марапатталған. 3 баласы және немере, шөберелері бар