Меркі Ауданы Бойынша / Гасанов Балабек Абдуллаевич
Гасанов Балабек Абдуллаевич
Навигация
Гасанов Балабек Абдуллаевич 1920 жылы 1 қаңтарда Грузия ССР, Аспиндзск ауданы, Данет ауылында туылған. Түрік, 5 сыныпты ауылында бітіріп 1936-1940 жылдары шахтада жұмыс істеген. Аспиндзск әскери комиссариатынан 1942 жылы майданга алынып, 4 дивизия 75-атқыштар полкінің 2 батальонда болды. Сталинград, 2-Украина соғысына қатысқан. Харков, Моздок, Нальчик қалаларындағы әскери іс әрекеттерге қатысты.
2-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен «Жеңістің 25, 30, 40, 50, 55, 60, 65 жылдық «Қарулы Күштеріне 60, 70 жыл», «Маршал Жуков» медальдарымен марапатталған.
Соғыста жарақат 1944 жылы Нальчик қаласында аяғына оқ тиіп госпитальда жатып, 6 ай қосымша күштер әскерінде болды, 1945 жылы 20 желтоқсан елге оралды. 1946-1980 жылы «Мыңқазан» ауылында ХІІ Партсъезд атындағы колхозда әр түрлі салада жұмыс істеп, зейнетке шықты. Қазіргі күні «Мыңқазан» ауылында тұрады.