Тараз Қаласы Бойынша / Галина Петровна Колесниченко

Галина Петровна Колесниченко

Галина Петровна Колесниченко 24.01.1924 жылы Киров облысының Опарино ауылында дүниеге келген, 1941 жылы орта мектепті бітіріп, орталық статистикалық басқармасының аумақтық инспексиясында жұмыс атқарған. Соғыс басталған кезде медициналық курсты оқып бітіреді. 1942 жылы соғысқа өз еркімен сұранып аттанып, Ленинград маңындағы ұрыс алаңын бастап, Польша арқылы Германияға дейін барған. Соғыстан кейін, 1947 жылы тұрмысқа шығады.Г.Колесниченко отбасымен бірге 1963 жылы денсаулығына байланысты Қазақстанға көшіп келіп, Жамбыл қаласына қоныстанған. Сол жылдан бастап №27 М. Маметова атындағы орта мектебінде, бастауыш сынып мұғалімі 

болып жұмыс атқарған. Ұлы Отан соғысының ардагері.«Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін» және т. б. медальдар мен ордендермен марапатталған.