Ерлік

мемориалдық кешенi

Совет одағының батырлары / Фазлаев Нурулла Гарифуллаевич 

Фазлаев Нурулла Гарифуллаевич

  1909 жылдың 6 наурызында Ресей Федерациясы, Татарстан автономиялық Республикасы Оржоновский ауданы, Машали ауылында шаруа жанұясында дүниеге келген.

  7 сыныптық мектепті тамамдаған соң, 1929 жылыДонбас көмір шахталарында еңбек етуге араласқан. 1940 жылы Қазақстандағы Жамбыл қаласына көшіп келген. Қалалық коммуналдық-шаруашылық кеңсесінде тас қалаушы болып жұмыс жасаған. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған.

  1945 жылы Хохваушвиц ауданы маңында жау доттары мен бронды катерлері тыным бермей атқылауына қарамастан түн қараңғылығын пайдаланып, өткел салды. Одан кейін Совет армиясының негізгі күшін тоқтаусыз тоқтаусыз өтуіне ықпал жасады. Соның нәтижесінде Одер өзенінің батыс жағалауында Совет жауынгерлері жеңіс жолын жалғастырды. Ъ

  КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысымен 1945 жылдың 10 сәуірінде Фазлаев Нурулла Гарифулловичке Совет Одағының Батыры атағы, Ленин, І, ІІ дәрежелі Отан соғысы, екі Қызыл Жұлдыз ордендері берілді.