8 (7262) 45 32 50
Совет одағының батырлары / Фаязов Мамашариф Гиясович
1925 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген. Мектепті бітіре салысымен, 1943 жылы 6 қаңтарда Қызыл әскер қатарына шақырылған.
2-ші Украина майданының 58-Қызыл Тулы Красноградск гвардиялық атқыштар дивизиясының 175-ші Висленк атқыштар полкінің взвод командирі болған.
Мамашариф Фаязов атқыштар ротасын басқара отырып, өзінің батыл, әрі тәжірбиелі командир екенін көрсетті. Одер өзенінен өтуде командир Фаязов ерекше көзге түсті. Гвардиялық рота бұйрықты орындау барысында бірінші болып судан өтіп, сол жағалудағы плацдармды алды. Рота екі сағат ішінде бірнеше қарсы шабуылдарға тойтарыс берді, алға жылжып, екі елді мекенді жаулап алып, көптеген солдаттар мен офицерлерді қырып, фашист дивизиясының штабын жойды. Рота командованиенің бұйрығын абыроймен орындады.
КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысымен 1945 жылдың 27 маусымында Фаязов Мамашариф Гиясовичке Совет Одағының Батыры атағы берілді.