Естеліктер / Бақбергенов Молдабай

Бақбергенов Молдабай

-Мен Бақбергенов Молдабай 1923 жылы Қызылорда  облысы Арал ауданы Аралсульфат кентінде  жұмысшы шаруа отбасында тудым.1933 жылдан 1940 жылдың октябрь айына дейін Аралсульфат 7-жылдық мектебінде оқып, оны сол 1940 жылдың октябрінде  Арал қалалық  ФЗУ-дің 2 жылдық курсына оқуға түстім.

1941 жылдың апрелінде практикада болып оны тауыса алмай 1941 жылдың июлінде армия қатарына шақырылып, соғысқа аттанушылар қатарында болдым. Сонымен ойлаған мақсатым орындалмай соғысқа қатысумен аяқталды.

Армияға алынғаннан кейін үлкен дайындыққа қатыстым, 1942 жылдың 7-июль күні Арал қаласынан соғыс эшолонымен бір состав товарный поездбен соғысқа аттандық. Сол жылы июльдің 15-20-не дейін военный горнизонда болып Сталинград қаласына 45 шақырым жерде Дубовка селосында қорғаныс дайындығында болдық. Сол уақытта фашистер Сталинград қаласында жауыздық соғысын жүргізіп жатты, бірақ қаланы ала алмады. Біздің бөлімшемізден бір бригаданы, яғни, 159-атқыштар бригадасын Астрахань қаласына бекініске алып барды. Бұл аумақта бізденде басқа бөлімшелер болды. Бұл аумақ 64-армия қарасты аумақ еді. Біздің бригада 159-атқыштар 64-армияның составында болдық. Неміс басқаншыларының мақсатын осы Астрахань қаласын Сяталинград қаласын қоса алып, Совет Одағын Волгадан айыру еді. Сөйтіп Бакудің мұнайын Волга арқылы тасытпау еді. Фашистердің бұл пландары іске асқан жоқ.

Біздің бөлімшелеріміз Астрахан маңында Волганың құйылысатын жерінде тұрды. Бұл 1942 жылдың август айынан бастап еді. Босқа қарап жатқан жоқпыз. 159-атқыштар бригадасының батальондарына тапсырмалар берілген еді. Ол тапсырма мындай: Астрахань аудандарындағы складтарды, қару-жарақ қоймаларды, т.б обьектілдерді жаудан қорғап, қарауылдау. Шпион, диверсиядан тазарту деген тапсырмалар болды. Бұл тапсырмалар толығымен орындалып отырды. Август,сентябрь, октябрь айының аяғына дейін осы Астрахань қаласында біздің бөлімше, яғни 159-бригада қорғаныста болып және неміс шпиондарымен диверсанттардан Волга бойындағы жерлерден олардың бірнеше адамдарын ұстап, особый отделге тапсырылды. Осы тапсырмаларға біздің батальон, рота, взводтар, отделениялар толығымен орындауға қатысып отырды.      

1942 жылдың ноябрь айында, яғни октябрь айының ортасы болу керек, жоғары қолбасшысының бұйрығы шықты. Онда былай делінген еді: « Ни шагу не назад- в перед на Запад». Бұл бұйрықты әрбір партия, комсомол мүшелері және әрбір соғысқа қатысушы совет азаматтары өздеріне берілген жауапты тапсырма екенін түсініп, осы бұйрықты орындауға бел байлады. Бұл бұйрық сөзсіз орындалатынын жауынгерлер түсінді. Бұл бұйрықты орындауда әрбір командирлер, саяси жұмысты басқарушы саяси командирлер дұрыс түсіндіре білгенінің арқасында бұйрықты дер кезінде орындап отырдық.

1942 жылдың ноябрь айында біздер бөлімше Астрахан, қаласын тастап, командирдің бұйрығы бойынша  контрнаступленияға аттандық. Біздің әскери бөлімше 1943 жылдың январына дейін Қалмақ Автономиялық Республикасының терреториясын неміс-фашисттерінің құрамаларынан тазартты. Кизляр, Халхута, Элесга және Дивный деген қалмақтардың аудандарында фашисттерге біздің бөлімше қайтты соққы беріп, ілгеріледі. 1943 жылдың январь-февраль айларында Ресейге қарасты Сальский далаларында фашистерге қатты соққы бере отырып, бұл даладағы елді пунктілерді фашизмнің қысымынан босаттық. Сальский даласынан кейін кезек Қызыл Донға яғни Кубань далалықтарының бөліктерін фашисттерден тазартуға келді. Біздің бөлімше бұл бұйрықтыда орындап, Дон өзені, ондағы Ростов-Батайский қалаларын фашисттерден тазартты. Осы екі қаланы алғаннан кейін фашисттердің Оңтүстік Кавказға қарай сапарларына кедергі жасалып біздің бөлімшеміз Қара теңіздің жағаларындағы елді пунктерді жаудан арашалауға сапар шекті. Біздің бригаданың үлкен үлесі Дон өзенін оның атақты қаласы Ростовты фашисттерден қорғап, ұрысты жеңіспен аяқтап, көптеген соғыс құралдарын тартып алдық.

1943 жылдың март айында Таганрог қаласына жақын бір селоның түбінде неміс басқыншылырымен төбелесте ауыр жарақатты болдым. Госпитольдан госпитольға көштім. 1944 жылдың февральнде комиссиядан армия қатарына қосылмайтын документтерін алып, Отан соғысының 2 группа қатарындағы мүгедегі болып,  соғыстан оралдым. Қолыма  ауыр жарадар деген куәлік берді.

1944 жылдың май айынан бастап, яғни менің мүгедектігіме қарамай жергілікті үкімет басшылары жұмыс істе, соғыс болса әлі жүріп жатыр және комсомол мүшесінің қатарындағы азаматсың, Отан үшін жарты жаныңды беріп келдің , әлі де Отанға көмектес деп өтініш айтты.

Осы жергілікті партия, комсомол, совет басшыларының ұйғарымы бойынша мүгедектер қатарында болсамда жеңіл қолымнан келетін қызметтерде жұмыс атқардым. Осылай Отан үшін халық шаруашылығын қалпына келтіруде миллиондардың бірі болып халқыма қызмет еттім.

1944 жылдың майынан 1956 жылдың октябріне дейін әртүрлі қызмет істедім. Осы жылдардың ішінде 7 жыл профсоюз ұйымының комитетінде басқарушы болып істедім. Осы ұйым мен қатар комсомол комитетінің мүшесі болып, комсомол ұйымының тапсырған жұмыстарында орындадым. Мен 1938 жылдан 1956 жылға дейін комсомол мүшесі қатарында болып, 1956 жылдың аяғына таман жасым асып кеткен себепті комсомол мүшелігінен шықтым.

Профсоюз ұйымында қызмет істеумен бірге, профсоюз жоғары ұйымының делегаты қатарына сайланып, сол ұйымның сьездерінің жұмысына қатысты өндірістің жұмыстарын алға алып баруға бір сыпыра еңбектер істедім. Бұл 1948 жылдың январь айынан 1952 жылдың орталарына дейінгі жұмыстар. Міне осы уақыттар ішінде құрылыс заттар дайындаушы кәсіпшілер одағының мүшесі болып сайландым. (ЦК профсоюз Промстройматериалов СССР) және (РК Промстройматериалов Казахстана).

1956 жылдың октябрінен 1978 жылдың июльне дейін механикалық цехта, темір жасайтын станоктерде станокчик болып жұмыс істедім және осы жұмыстарға қоса слесарь инструментальщик болып жұмыс істедім, жұмысты жақсы істегенім үшін ақшалай заттай подаркалар алып отырдым. Әр жыл сайын және жеңіс күндерінде арналған мейрамдар мен октябрь революциясы күніне арналған күндерде жаңа жылдардың басында, жаңа жылға арналған мейрамдарда марапатталдым.

1978 жылдың июль айында Заслуженный пенсияға шығарды, сонымен бір өндірісте көптеген жұмыс істегенім үшін 3-дәрежелі Еңбек Даңқы орденімен марапатталдым.

Жамбыл облыстық совет атқару комитетінің архив бөлімі сіздердің 9 сұрақтарыңа жауабым. Мен Жеңіс күні 9 мамыр, өзімнің туған жерім Қызылорда облысы Арал ауданы Арал поселкесінде қарсы алдым.

Соғысқа дейін соғыстан кейінгі жұмыс істеп еңбегім сіңген жер осы облыс, осы аудан, және осы Аралсоль комбинаты.  

Мен осы естеліктерімді аяқтай келіп қысқаша мына сөздеріме көңіл аударуларыңызды өтінемін.

1940 жылдан 1941 жыл соғыс басталғанша оқу орнында болдым. 1941 жылдың соғыс басталған күннен бастап әскери қауымда болдым. 1943 жылдың мартыда  жаралы болғанға дейін, госпиталға жатып шығып 1944 жылдың майынан бастап 1978 жылдың июльіне дейін Отан үшін елді кеңшілік жағдайында жақсы өмір сүруіне миллионның бірі болып халқыма еңбек еттім.

1981 жылдың октябрінен бастап осы ұлы ағамыз Жамбыл қаласында тұрамын.

Адресім: 8 микрайон 3 үй 48 квартира.

Осы естелігімде : Жамбыл қалалық және аудандық партия совет комитеттеріне көп-көп ризашылығымды, семья атынан, өз атымнан айтамын. Бізге яғни Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге ерекше көңіл бөліп келе жатыр, әліде жақсы көңіл аударып біздің Отан алдында жасалған еңбектерімізді ерліктерімізді жақсы ұмытпай бағаласа екен.

Мен: Молдабай Бақбергенов 1989 жыл 10- январь.

 

Қ.341 Т.1(ж) Б.2 Іс.32 П.1-6