Шу Ауданы Бойынша / Азимов Иосиф Абулфазович
Азимов Иосиф Абулфазович
Навигация
Азимов Иосиф Абулфазович – Әзірбайжан ССР Бакуда 1923 жылы 10 мамырда туылған. Әзірбайжан. 1937 жылы отбасымен Шу ауданы Ленинскі селосына қоныс аудартылған болатын. Осында ол 9 сыныпты аяқтап колхозға жұмыс жасауға кетті. 1948 жылы соғыстан оралып, Шу ауданы Ленинскі ауылында көптеген қызметтерде жұмыс жасады. 1978 жылдан – зейнеткер. 1948 жылы соғыстан оралып, Шу ауданы Ленинскі ауылында көптеген қызметтерде жұмыс жасады. 1978 жылдан – зейнеткер. 1942 жылы қаңтар айында әскер қатарына шақырылды. Танк полкінде оқу барысында танктің механик-жүргізушісі мамандығын игеріп, сержант шенін алды. Сосын – майдан.
1943 жылдан соғыс аяқталғанға дейін командир болды. Фашистермен украин мен белорус жерінде соғысты, Румыния мен Польша жерінен өтті, одан әрі батысқа жауды ысырды. Бұзылған, қираған неміс техникалары жатқан Берлин көшелерінде ержүрек танкист соңғы рет атты.
Майданда ауыр жарақаттар мен қиын кезеңді бастан өткізді. Соғыстан кейін Германияда әскери қызметі. Танкист жауынгердің кеудесін ерлігі үшін 5 орденмен марапатталды. /2 ордена Славы, и орден боевого красной звезды, Орден красный звезды, и Отечественной Войны, Құрмет ордені және көптеген мерейтойлық медальдар/ Ал мерекелік және ерлігі үшін берілген басқа да наградаларын есептеу тіпті мүмкін емес. Сталиннен 12 Алғыс хат алды. 10 бала мен 12 немерені бағып-қағып өсірді. Қазір Қонаев ауылында тұрады. Отбасылық әлеуметтік жағдайы жақсы, әйелі бар, өздігінен жүреді. Денсаулығы өте жақсы. Шу ауданы, Қонаев ауылы, Қонаев көшесі №5