Тараз Қаласы Бойынша / Әуесбек Бекболатов 

Әуесбек Бекболатов

Әуесбек Бекболатов – 1924 жылы 15 ақпанда Жамбыл облысында, Мойынқұм ауданы, Қарабөгет ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін мал шаруашылық фермасында бухгалтер қызметін атқарған. 1943 жылы ақпан айында әскер қатарына шақырылып, Омск қаласындағы жаяу әскер қатарында болды. Кіші командирлерді даярлайтын оқудан өткен. 1945 жылы қаңтар айында 2-Беларус фронтында 3-гвардиялық танк бригадасы құрамында болып, қалаларды босату, 22-сәуірден бастап Берлинді алу қақтығыстарына қатысқан. Сол қақтығыстардың бірінде аяғынан жарақат алып, бір жылдай госпитальда ем қабылдады. 

1946 жылдың соңында еліне ІІ топ мүгедегі оралды. Жамбыл педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, 3 жыл оқыған. Кейіннен 1955 жылы Алматы педагогикалық институтын тәмамдаған. 1946-1992 жылдар аралығында Мойынқұм ауданында мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, кейіннен мектеп директоры, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. Майдандағы ерлігі үшін Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және «За победу над Германией», тағы көптеген медаль, грамоталармен марапатталған. Бейбіт күндерде оқу-ағарту ісіне сіңірген еңбегі үшін «Қазақ ССР-нің Оқу-ағарту ісінің үздігі», «СССР-дің Оқу-ағарту саласының үздік қызметкері» атақтарына ие болған. Әуесбек Бекболатов 5 ұл, 5 қыз өсіріп, олардан тараған 30 немере мен 20 шөберені тәрбиелеуде.