Ер Есімі – Ел Есінде… / Мойынқұм ауданы бойынша

Мойынқұм ауданы бойынша

Абдиров Сағаш ата

Абдиров  Сағаш 1922  жылы 1-ші қаңтар  айында Мойынқұм ауданының , Бурыл Байтал ауылында   дүниеге келген. Бурыл Байтал ауылындағы  Куйбышев атындағы мектепті тамамдап , 1939-1941жылдары Еңбек жолын сауатсыздарды оқытудан бастаған. 1942 жылы мамыр  айында Шу аудандық әскери комиссариатына әскер қатарына шақырылған. Туркия арқылы Кавказ майданыныдағы ұрысқа қатысқан. 1942 жылы наурыз айынан қазан айына дейін қазіргі Астана ( бұрынғы Ақмола) қаласындағы запастағы № 37-ші атқыштар полкінде әскери оқу-жаттығудан өтіп, сол жерден  соғысқа аттанған. 1942-1946жж Ұлы Отан соғысына қатысқан.  1948ж  Тараз қаласындағы  Абай атындағы  педучилишені бітірген. Соғыстан кейін 1946-1975 жылдары аралығында Куйбышев атындағы, Мыңарал мектептерінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі , директор қызметін атқарған.

Өзінің саналы ғұмырының үштен бірін болашақ ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге арнады. Еңбектен қол үзбей жүріп 1955жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтының тарих факультетін бітіріп жоғарғы білім алды.1976 -1983 жылдар аралығында шығанақ ауылында  әкім болып қызмет атқарған.

        Ұлы Отан соғысы жылдары Отанымызды қорғаудағы еңбектері үшін  КСРО жоғарғы кеңесі Президиуымның  указымен Үкіметтің бірнеше Орден, Медальдарымен марапатталған ,осы күнге дейін барлық медальдары сақтаулы тұр.

        1985-1988жж Оңтүстік Қазақстан ГРЭС-те начальник гражданской обороны және Шығанақ поселкелік советтің председателі болып зейнетке шыққан.

1954ж «Қазақ ССР білім беру үздігі»  және 2002жылдың «Мойынқұм ауданының құрметті азаматы » деген  атақ берілген.

Зайыбы Әлипа екеуінен  он  бала,отыз бір  немере, жиырма сегіз  шөбере тәрбиелеп, Олардың әрқайсысын   жоғарғы білім алуына , өз жолдарын дұрыс таңдауына ықпал етіп отыр.

         1967ж Ұлы жеңістің 20 жыл толуына байланысты мақтау грамотасымен марапатталған, 2000 жылы Жамбыл облыстық ұйымның құрылуының 60 жыл толуына байланысты. 2003 жылы көпжылдық еңбегі үшін аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 2005жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік  медалімен марапатталған.ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтың Үш мәрте «Алғыс» хатымен марапатталған. 2007жылы Жамбыл облыстық маслихатының

грамотасымен, 2014 жылы ардагерлер ұйымы жұмысына сіңірген еңбегі үшін құрмет грамотасымен марапатталған.

2020 жылдың 25 шілде күні Абдиров  Сағаш ата дүниеден озды.