Тұрар Рысқұлов Ауданы Бойынша / Асаубай Сулейменов

Асаубай Сулейменов

Асаубай Сулейменов 1922 жылдың 1 қаңтарында Т.Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылында дүниеге келген. 1941 жылы әскерге алынып, Орынбор қаласында 1ай оқу жаттығудан өтіп, майданға аттанған. Оңтүстік Дон майданындағы 201-ші атқыштар полкінің құрамында соғысқан. Соғыста жарақат алған соң, жеңілдетілген 114 темір жол әскери батальонына жіберілген. Немістер бомбалап кеткен темір жолдар мен көпірлерді іле шала қалпына келтіруге атсалысқан темір жол әскери батальонының құрамында еңбек еткен. Майданға оқ-дәрі, киім-кешек жеткізу ісін мүлтіксіз атқарып, Днепропетровскідегі, Дунайдағы бомбалаған көпірлерді қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан. 

Немістерді шегіндіріп қуып, жеңісті Берлин қаласында қарсы алған. Жеңісті күннен үш ай өткен соң тамыз айында Мәскеуде болып, одан елге аман- есен оралды. Елге оралған соң да ерінбей еңбек етып, зейнетке шыққанша қой, сиыр баққан. Әр жылдары «Еңбектегі ерлігі үшін», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ұлы жеңістің 20,30,50,60,65 жылдығы үшін» орден, медальдар мен қатар, 2004 жылы 14 мамырда «Украйнаны қорғағаны үшін», деген Украйна президенті Л.Кучманың арнайы медалімен марапаттар алды. Өмірінің жартысы қиыншылықпен өтті. 10-15 жасында елге төнген ашаршылықты да, 20-25жасында сұрапыл соғысты да басынан кешірген. Қазіргі таңда жарымен екі ұл, он үш немере, он төрт шөбере сүйіп отыр.