Қордай ауданы бойынша / Бакшеев Михаил Петрович
Бакшеев Михаил Петрович
Навигация
Бакшеев Михаил Петрович 1924 жылы 1 қаңтарда Читинск облысында Нерчинск қаласында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысы басталғанда 17 жаста байланыс училищесін жаңадан бітірген. 1943 жылы майданға аттанып, сержант әскери атағымен, автоматчик байланысшы болып 391 бірінші атқыштар құрамындағы төртінші гвардиялық дивизиясында гитлершілермен айқасады. Белгород, Житомир, Львов, Вена қалаларын, Австрия және Чех жерлерін фашистерден азат ету және Курск дугасын босату айқасының қатысушысы. 1946 жылы соғысты Чехословакияда Прага қаласында аяқтайды.
Бейбіт күндері «Екпінді» газет редакцияда баспашы және «Талапты» совхозында инженер гидротехник жұмыс істейді. 1947 жылы Наталья Пантелеевна екеуі отбасы құрып,1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, 4 немере және 12 шөбере сүйді. «Маршал Жуков» медалімен, 2-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен, басқа да мерекелік медалдарымен марапатталған. Қордай ауылының тұрғыны.