8 (7262) 45 32 50
«Даңқ» орденiнiң толық кавалерлерi / Абдулла Матигулович Митигулин
1923 жылы 11 қыркүйекте Татарстанның Сабинск ауданы, Төменгі Савруши елді мекенінде шаруа жанұясында дүниеге келген. 7 сыныптық білім алған соң, колхозда жұмыс істеген. 1942 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. Белоруссияның Мозырь қаласынан 20 км орналасқан Ястребка ауылын азат ету шайқасы, 20.11.1943 жылы Польшаның Седльце-Варшава жолын ашу шайқасы, 1944 жылдың тамызында Польшаның Линдебуден елдімекенін азат ету шайқастарына қатысқан.
Сталининград шайқасына қатысқан. Сосын Воронеж, Степной және 2-ші Украин майданында шайқасқан.Украинаны азат етуге қатынасқан. Белгородск-Харьков, Кирвоград, Уманск-Ботошанск операцияларына қатысқан.
1944 жылдың 2-5 мамыр аралығында 164,4 м биіктіктегі Аснашень селосының аумағында жаудың 10 солдатының көзін жояды. Молдавиядағы ұрыстардан соң бөлім командирі болып бекітіледі. 1944 жлы Сандомир плацдармында сержант Митигулиннің гвардиясына жау әскері қатты шабуылдайды. Автоматпен және жалаң қолмен шайқаста бөлім 20-дан аса жау солдатының көзін жойып, алға қойған мақсаттарына жетеді. 19 тамызда жау танкісі Митигулинді окопқа көміп кетеді. Окоптан қазып алынып, госпитальға жіберіледі. 8 тәуліктен соң бірақ есін жинайды. Өз құрама дивизиясына соғыстың аяғына қарай Дрезден түбіндегі шайқаста қосылады.
05.05.1944 ж 3-ші дәрежелі №51924,
01.08.1944 ж., 2-ші дәрежелі №10070, 15.05.1946 ж., 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. №2613