Естеліктер / Василий Иванович Евман
Василий Иванович Евман
–1944 жылы ол Польша жерінде жаудың атыс нүктелерін қиратуда аса тапқырлық танытты. Түн жамылып, жау шебіне жақындап келіп, қолайлы жерден орын алып, таңның атқанын күтті. Бір күн бойы совет жауынгерлерінің алға жылжуына мұрсат бермеген жау аса таңғылықты жасалынған атыс нүктелері арқылы совет жауынгерлерінің шабуылын тоқтатты. Сондықтан да артиллеристерге полк командирі жаудың алғы шебінде жақындап келіп, қалайда олардың атыс нүктелерін қиратуды тапсырды. Бұл тапсырманы Василий Евманның артиллеристері абыроймен орындады. Таң ата совет жауынгерлері тағы да алға ұмтылған болатын. Жаудың дзодтары мен доттарын оқ қарша борады. Осы кезде олардың атыс нүктелерін анықтап үлгерген артиллеристер тікелей қақырата снарядпен атыс нүктелерін атып, бірінен соң бірін қиратты. Совет жауынгерлері уралап алға ұмтылды. Осы ерлігі үшін Василий Евман бастаған зеңбірекшілердің бәріне 3-ші дәрежелі Даңқ ордені тапсырылды. Жау қанша шегінбеймін, берілмеймін дегенімен совет әскерлерінің тегеурінді күші олардың арман мақсаттарын күл талқан етті. Берлинге жақындаған сайын олардың қарсылығының күшеюімен бірге совет әскерлерінің жойқын шабуылы еселенді. 1945 жылдың сәуір айының 5-і күні Василий Евман құрамында бар әскери бөлімше Рейхстагқа баратын жолға жақындай түсті. Жаудың әрбір үйі қаладағы көптеген каналдар мен орлар әскерлердің алға жылжуына кедергі келтірді. Берлиннің оңтүстік шығыс жағында ауыр ұрыстар жүріп жатты. Аға сержант Василий Евманның зеңбірегі жаяу әскерлермен бірге табандап болса да сәт сайын алға жылжиды. Сондай бір шайқаста жаудың атыс нүктесін дәл көздеп, қиратқаны үшін біздің жерлесімізге 2-ші дәрежелі Данқ ордені тапсырылды.
Жеңіс күні жақындаған сайын совет армиясының қолбасшылығы әскерлерді сәт сайын алға жылжуға бастады. Тіпті омыраулары орден, медальдарға толы полк командирінің өзі Отан үшін! Сталин үшін! деп алға ұмтылғанда жау оғынан қылқаланып жатқан совет әскерлері командиріне ілесіп кетті. Соған қарамастан фашистер жандарын аямай шайқасты. Канал бойын жағалай отырып, Василий Евманның зеңбірегі Рейхстагқа тіке оқ атуға мүмкіншілік беретін Темпельгоф алаңына жетті. Осы жерде зеңбірекшілер жер солқылдата жаудың басты қамалы ұясы Рейхстагты атқылады. 2-мамыр күні жау жеңілді. Фашистік Германия құлады. Совет әскерлері жеңіске жетті. Олардың қуанышы шексіз болды. Берлинді алуда көрсеткен ерлігі үшін Василий Евманға 1-ші дәрежелі Даңқ ордені тапсырылды.
Қ.60 Т.1 Б.1 Іс.3 П.1