Тараз Қаласы Бойынша / Павел Никитович Плугин

Павел Никитович Плугин

Павел Никитович Плугин 1921 жылы 13 мамырда Хатомля Давлеконовского селосында, Башкирсий АССР районында дүниеге келді. Соғысқа дайін Давлеконовский сельхозтехникумда жұмыс істеді. Армияға 1940 жылы шақырылды. Әскерде жүріп Харьков қаласындағы НКВД –ның Ф.Э.Дзержинский атындағы шекара училищесіне оқуға түсті. Сол жерден 1-мотоатқыштар дивизиясынажіберілді. Можойск, Красная Поляна қалаларын, Мәскеу облысының кей аймақтарын босатуға қатысты. Соғыс біткен соң 1946 жылы Растов-на-Дону қаласында қызметін жалғастырды. 1950 жылы Жамбыл қаласына көшіп келіп, СМУ-да жұмыс істеді. 

Негізгі еңбек қызметі су шаруашылығы объектілерінің құрылысымен байланысты болды. 1968 жылы Ремонтно-техникалық заводының директоры болып тағайындалды. Осы жерден зейнеткерлікке шықты. Майдандағы ерлігі үшін «Отан соғысы» орденімен, «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Маршал Жуков», және т.б. медальдармен марапатталған.