Тараз Қаласы Бойынша / Николай Филиппович Комаров

Николай Филиппович Комаров

Николай Филиппович Комаров 1927 жылы 14-сәуірде Қырғыз республикасының Фрунзе облысы, Талас ауданында дүниеге келген. 1943 жылы Талас қаласындағы 7 жылдық мектепті бітірген соң ФЗО-ға паровоз машинистінің көмекшісі курсына түті. Алайда денсаулық жағдайына байланысты оқудан шығарылған. Осы жылдың қыркүек айында ветеринария курсын тәмамдап, Талас қаласындағы № 43 жылқы зауытына жұмыс істеуге жолдама алған. 1944 жылдың 10-қазанында әскер қатарына шақырылып, атқыштар полкінің дайындық курсынан өтті. 1945 жылы 6-Гвардиялық полк қатарын толықтыруға жіберілді. 

1945 жылы Моңғолиядағы 30-Гвардияның механикалық бригадасына жолданды. Жапон империализміне қарсы майданда болды. Майдан даласында контузия алған. 1951 жылы елге оралып, Алматы темір жол техникумына оқуға түсті. Оқуды тәмамдаған соң жолдамамен Жамбыл станциясының локомотивті депосына паровоз машинисі мамандығы бойынша жолдамамен жұмысқа орналасқан. 1961 жылы тепловоз машинисі болды. 1982 жылы зейнетке шықты. Майдандағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін» және өзге де мерекелік медальдармен марапатталған.