Тараз Қаласы Бойынша / Михаил Фомич Кудашкин
Михаил Фомич Кудашкин
Навигация
12.10.1926 жылы Семей облысы, Алексеевка ауылында дүниеге келген. 1930 жылдары оның отбасы Жамбыл облысының Меркі ауданына қоныстанған. Отбасында 5 ұлдың кенжесі болды. Ұлы Отан соғысы басталған жылы Михаилдың 4 ағасы майданға аттанып, өзі Меркінің қант зауытында жастайынан еңбекке араласты. Күніне 12 сағатбойы еңбек еткен Михаил Фомич бауырлары үшін фашистерден кек алар сәттің жақындауын асыға күткен. Сондықтан да 17 жасында өз еркімен әскерге шақырылып, Краснодар өлкесіндегі жаздық мектепке жөнелтіліп, авиациа механиктерін даярлайтын курстан өтті. Майданда техник-механик ретінде ұшақтарды ұшуға дайындады.
Тек 1944 жылы ғана екінші Украина майданына аттанды. Соғыстан кейін Австрияда 5 жыл Бреслау қаласында оккупациялық әскери бөлімінде міндетін атқарған. 1950 жылдан бастап Жамбыл қаласында автобазада және ДОСААФ оқыту орталығында мұғалім болып жұмыс істеді. Майдандағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Украинаны азат еткені үшін» және өзге де мерекелік медальдармен марапатталған.