Тараз Қаласы Бойынша / Александр Алексеевич Карпов

Александр Алексеевич Карпов

Александр Алексеевич Карпов 1924 жылы 22 қаңтарда Ресейдің Алтай өлкесі, Алтай елді мекенінде дүниеге келген.Соғысқа дейін Красный Хлебороб колхозында жұмыс істейді. 1942 жылы әскер қатарына шақырылады. Соғыс уақытында Ішкі істер халық комиссариатының темір жол әскерінде болып, Новосібір-Ленинград бағытындағы әскери жүк тіркемесін алып жүреді. Жеңіс таңын Карело-Фин АССР-де қарсы алады. 1949 жылы соғыстан оралып,. Тараз қаласына 1957 жылы көшіп келген. №1 Автобус паркінде жүргізуші болып жұмыс атқарған. Бейбіт күнде зейнет жасына жеткенге дейін 49 жыл жүргізуші болды. «Маршал Жуков», 

«Германияны жеңгені үшін», «Жеңістің 20,30,40,50 жылдығы» және басқа да медальдарымен марапатталған. Қызы және немерелері бар.