Тараз Қаласы Бойынша / Гарафутдин Нурутдинович Галимов

Гарафутдин Нурутдинович Галимов

Гарафутдин Нурутдинович Галимов 1922 жылы 24 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгер ауылында дүниеге келген. 1940 жылы медициналық техникумды бітірді. 1941 жылы Алматыдағы әскери училищені бітіріп, тамыз айында 19 жасында лейтенант шенімен 385–ші атқыштар дивизиясының рота командирі ретінде соғысқа аттанды. Соғысты Мәскеуді қорғаудан бастаған майдангер Украинаны, Беларуссияны, Польшаны азат етуге қатысып, Берлинге дейін барған. Соғыстан кейін бейбіт күнде әскери қызмет атқарып, 1972 жылы подполковник шенінде зейнеткерлікке шықты. 

1990 жылға дейін халық шаруашылығының түрлі салаларында жұмыс істеді. ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Боевое Красное знамя», ІІІ дәрежелі Кутузов ордендерімен және «Москваны қорғағаны үшін», Белоруссияны, Варшаваны азат еткені үшін, «Германияны жеңгені үшін», «За боевые заслуги», «Маршал Жуков», «Берлинді алғаны үшін» және т.б. медальдармен марапатталған. Бүгінде екі ұл, бір қыз тәрбиелеген майдангердің өмір жолы немерелері мен шөберелеріне өнегеге айналды.