Тараз Қаласы Бойынша / Михаил Петрович Гладченко

Михаил Петрович Гладченко

Михаил Петрович Гладченко – 1923 жылы 10 ақпанда Жамбыл облысы, Луговой ауданында дүниеге келген. Соғысқа дейін «Восток» колхозында механизаторлардың бригадирі болған. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін, 1941 жылы әскерге шақырылады. Үш айлық дайындық курсынан өткеннен кейін 32-атқыштар полкінде сержант лауазымымен майдан даласына 1942 жылы аттанған. Соғыс кезінде Воронеж қаласында №7 танкілерді жою бригадасында соғысқан. 1943 жылы қазан айында Днепрді қорғау операциясына қатысқан. Майданнан келген соң, 1945 жылы өзі туған Луговой станциясында темір жолға қызметке орналасты. 

Кейіннен әскерилендірілген күзетте, су бұрғылау станциясында бригадир болып жұмыс атқарған. Темір жол саласында 40 жылдан астам еңбек еткен Михаил Петрович 1983 жылы зейнетке шықты. «Боевое Красное Знамя», «За отвагу» және өзге де мерекелік медальдармен марапатталған. Екі ұл, бір қыз тәрбиелеген Михаил Петрович бүгінде Тараз қаласында тұрады