Тараз Қаласы Бойынша / Зинаида Ильинична Вострикова
Зинаида Ильинична Вострикова
Навигация
Зинаида Ильинична Вострикова 1923 жылы 1-сәуірде Алтай өлкесіндегі Славгород қаласында дүниеге келген. 1941 жылдың тамыз айында әкесін майданға шығарып салуға бара жатқан Зина онымен бірге медсанбатта санитарка боламын деп шешім қабылдап, өз еркімен 3-ші фронтта әскер қатарына аттанған. 1942-1943 жылдары Ташкент қаласында 6 айлық оқуды бітіріп, кіші сержант атағын алып шығады. Псков қаласындағы «Парашютный десант» бөліміне жіберіліп, одан Сталинград
майданына қатысқан. Аға сержант Зинаида Вострикова майдан даласында көптеген жауынгерлерді ажал аузынан алып қалған.
Ол өзі болған дивизиясымен бірге Рогочев, Клин, Калинин, Ржев қалаларына дейін жетті. 1943 жылдың наурыз айында Ржев қаласының түбінде жарақат алып, денсаулық жағдайына байланысты үйіне оралған. I дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. Бүгінде ол отбасымен, немерелерімен бірге Тараз қаласында тұрады.