Тараз Қаласы Бойынша / Анна Павловна Беляева
Анна Павловна Беляева
Навигация
Анна Павловна Беляева – 1922 жылы 12- қарашада Ақмола
облысы, Рузаев ауданы, Андреевка ауылында дүниеге келген. 1932 жылы ата-анасымен сол кездегі Жамбыл қаласына қоныс аударады. 1943 жылы 7- сыныпты аяқтап, жолаушылар пойызында жолсерік болуға даярлайтын курсқа барады. 1944 жылы санитарлық пойыздың жолсерігі болып бекітіліп, Мәскеу, Украина, Белоруссияда болып, жаралы әскерлерге медициналық көмек көрсеткен. Сонымен қатар Польша, Чехословакия, Германияда соғыста болған. Жеңіс күнін Кенигсбергте қарсы алады. Мәскеудегі жеңіс шеруіне қатысқан. Майданнан келген соң, алғашында спирт зауытында,
1949 жылдан бастап Жамбыл тері өңдеу комбинатына жұмыс жасаан. Комбинатта 17 жыл жұмыс істеп зейнеткерлікке шыққан. Бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған. 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген.