Тараз Қаласы Бойынша / Мұхан Толыбайұлы Бұжыков
Мұхан Толыбайұлы Бұжыков
Навигация
Мұхан Толыбайұлы Бұжыков – 1926 жылы 20-қыркүйекте Алматы облысы, Шелек ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін шопан болған. Өзі сұранып 1943 жылы әскерге аттанған. Украина-1 майданының құпия бөлімінде қызмет атқарған. Әскери училищені бітірген. Ресей, Украина, Белоруссия қалаларын азат етуге қатысқан. 1946 жылы елге оралып, жинақ кассасында есепшіболып жұмыс жасаған. Кейіннен Алматы қаласындағы «Заң» институтын бітіріп, Жамбыл қаласына жолдамамен келеді. Осында облыстық соттың мүшесі болып, 1953 жылы Жамбыл қалалық №1 аумақтың судьясы болып сайланады. Сот жүйесінде 39 жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан.
Майдандағы ерлігі үшін II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Маршал Жуков», «Ерлігі үшін» «Германияны жеңгені үшін» және басқа да медальдармен марапатталған. Майдангер Мұхан Толыбай ұлы екі ұл, немере-шөберелер тәрбиелеген абыз қарт.