Тараз Қаласы Бойынша / Мұсахан Бердібайұлы Бердібаев
Мұсахан Бердібайұлы Бердібаев
Навигация
Мұсахан Бердібайұлы Бердібаев – 1922 жылы 15-ақпанда Жуалы ауданының Қоңыртөбе ауылдық советіне қарасты Қоралас ауылында дүнеге келген. 1941 жылы аудан орталығындағы Ордженикидзе атындағы 10 жылдық мектепті тәмамдаған. Әкесі Бердібай Өтешов кедей шаруаболған. 1931 жылы ұзақ ауырып дүние салған. 1941 жылдың 11-желтоқсанында әскер қатарына шақырылып, Жамбыл қаласында құрылған 105-атты әскер құрамына кірді. Жарты жылдық әскери дайындықтан өткен соң, 1942 жылдың шілде айында Мәскеу түбіндегі Ногинский деген қалада 1107 дербес артелериялық дивизиясына қабылданды.
Соғысты 1945 жылдың 12-қаңтарында ауыр жарақат алғаннан кейін Курск майданында аяқтаған. Госпитальда емделіп, сол жылдың мамыр айында елге оралды.
Бейбіт күнде 1945-1949 жылдары мектепте меңгеруші, кейіннен аудандық партия комитетінің нұсқауымен түрлі қызметтер атқарды. 1982 жылы зейнетке шығып, кешкі орта мектепте мұғалім болды. Бүгінгі таңда жасы 98-ге келген майдангер қария Тараз қаласында тұрады. 18 немере мен 29 шөбере тәрбиелеп, зұлмат соғыстың қайталанбауына, еліміз бейбіт күнде шаттықта өмір сүруіне тілекші болып отыр. Майдандағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және 28 медальмен марапатталған.