Меркі Ауданы Бойынша / Потыкун Николай Александрович

Потыкун Николай Александрович

Потыкун Николай Александрович 1919 жылы 1 қаңтарда Харьков облысы Юрчинково селосында дүниеге келген. Украин.
Соғысқа дейін МТС-те ауыл шаруашылығы машиналарының слесары болып жұмыс істеген. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. 64-ші атқыштар дивизиясының 231-ші атқыштар полкінде аға пулеметші болып қызмет еткен. 1940 жылы мамырда Читадағы кіші авиация мамандарының училищесіне жіберілді. 1941-1946 жылдары Забайкалье әскери округіндегі авиациялық зауыттың аэродромында қызмет етті. 1945 жылдың 9 тамызы мен 3 қыркүйегі аралығында Мчурия мен Қытайдағы жапон әскерлерімен шайқастарға қатысты. 

Мугден, Дайден, Порт-Артур қалаларын азат етті. 1946 жылы демибилизацияланды.
Соғыстан кейін ұзақ жылдар Меркен МТС-інде комбайншы, бастық болып еңбек етіп, кейін лайықты демалысқа шықты. 3 қыз, 5 немере, шөбере сүйіп өсірді. Меркі ауылында тұрады.
Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлік ерлігі және ерекше еңбек жетістіктері үшін «Отан соғысы», «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Маршал Жуков», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. «Ерен еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері», көптеген мерейтойлық медальдармен, «ВДНХ қатысушысы» төсбелгісімен.