Тұрар Рысқұлов Ауданы Бойынша / Мырзахметов Жақан
Мырзахметов Жақан
Навигация
Мырзахметов Жақан 1924 жылы 26 мамыр Луговой ауданы «Восток» колхозында туылған. 1942 жылы 5-ші қыркүйекте Меркі военкоматынан әскер қатарына алынып. Саратов облысының Энглс қаласының маңында «Перекопное» селосында әскери дайындықтан 227 полк 3 ротада генерал Чуйковтың армиясының құрамында, қатардағы сарбаз ретінде өткен. Сталинград ,Севастопель, Симфорфель қалаларын жаудан босатып, біздің полк Украинаның Донбас, Харьков, Румыния, Молдава, Венгрияны босатуға қатысқан. 1949 жылы мамыр айында ауылға оралып, «Восток» колхозында сиыр фермасында есепші, депутат, хатшы, Луговской РТС-не профкомның басшысы, «Абай»
колхозында агроном болып жұмыс істеп, зейнетке шыққан.
Жеңіске 55 жыл, «Фронтовик 1941-1945», «За оборону Сталинграда», «За победу над Германией в великой отечественной войне 1941-1945 г.г.», «30 лет вооруженных сил СССР» , «За освоение целинных земель», «70 лет вооруженных сил СССР», «Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков», Жеңіске 60 жыл, 65, 70 жыл медалдерімен марапатталған. Т.Рысқұлов ауданының«Құрметті азаматы»
Қазіргі таңда Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында тұрады.. 7 ұл, 23 немере, 1 шөбересі бар.