Тұрар Рысқұлов Ауданы Бойынша / Құрбанов Игенбек
Құрбанов Игенбек
Навигация
Құрбанов Игенбек 1923 жылы 12 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы, Қарабастау ауылында дүниеге келген. 1938 жылы Ақсай орта мектебінде 7 класс бітірдім. 1942 жылдың басында әскер қатарына алынып, бөлім командирі болып Сталинград шайқасына қатысқан. Ауыр жараланып, 2 топтағы мүгедектік алып елге оралып,1947 жылға дейін колхозда колхозшы болып жұмыс жасаған. 1947 жылы Жамбыл облысы Луговой ауылына Райсполкомға инструктор, 1952-1954 жылдары Луговой аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің аға инспекторы, 1954-1956 жылдары Қорағаты астық совхозында жұмысшылар комитетінің төрағасы, 1962-1970 жылдары Луговой ауданы Ақтоған бар.
ауылдық Кеңесінің төрағасы, 1976 -1980 жылдар аралығында Луговой жылқы зауытында гидротехник қызметін атқарып,1980 жылы зейнетке шыққан.«Фронтовик 1941-1945» белгісі, «За победу над Германией в великой отечественной войне 1941-1945 г.г.», «За боевые заслуги», «Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков», «50 лет вооруженных сил СССР» «60 лет вооруженных сил СССР», «70 лет вооруженных сил СССР», «20 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945г.г.», «30 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945г.г.», «40 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945г.г.», «1941-1945ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл», «Ветеран труда» медалдерімен, 2000 жылы облыстық Маслихат грамотасымен марапатталған.
Т.Рысқұлов ауданының «Құрметті азаматы». Қазіргі таңда Т.Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылында тұрады, 3 ұл, 3 қыз, 3 немере, 3 шөбересі